Облыстық балалар ауруханасында ашық есік күні өтуде

  • Опубликовано: 9 дней назад

    РИКА ТВРИКА ТВ
    подписчиков: 92 тыс.

    Облыстық балалар ауруханасында ашық есік күні өтуде. Астаналық дәрігерлер таңғы сағат 9- дан бастап қабылдау жүргізіп жатыр. Гастроэнтеролог, нефролог, ортопед пен неврология саласын мамандары кеңес беруде. Мұнда ультрадыбысты зерттеулер мен зертханалық тексерулерге де жолдама беріледі.Облыстық клиникалық балалар ауруханасында бүгін кісі көп. Емшектегі сәбилерін әкелген ата-аналар, жасөспірімдер мен шалғай аудандардан арнайы келген тұрғындар бар. Барлығы астаналық білікті мамандарға қаралғысы келеді. Ал диагнозы ауыр, есепте тұрған жеткіншектерді жергілікті дәрігерлер қабылдауға алдын-ала жазып қойған. Тексеріс барысында аутоиммундық гепатит, асқазан-ішек жолдары жарасына шалдыққан бүлдіршіндер анықталды. Шұғыл ота қажет ететіндеріне жолдама берілді. Мамандар, балалар арасында неврологиялық сырқаттың көбейгенін айтады. Бұған әйелдердің жүктілік кезінде күтінбеуі, инфекциялық ауруларға шалдығуы мен босану кезінде сәбидің зақым алуы себеп. Неврологтар әйелдерге жүктілікті жоспарлап, әр баланың арасына 2-3 жыл салып босануға кеңес береді. Сап-сау жүрген баланың кенеттен өзін жайсыз сезінуі, жүдеуі, көру қабілетінің нашарлауы сынды белгілер дереу медициналық тексерісті талап етеді. Неврология саласының мамандары соңғы кездері ми ісігі ауруының балалар арасында дендеп бара жатқанын айтады. Проблема-уақыт өткізіп алуда. Баласын әбден титықтатып, дерт дендегеннен кейін ғана дәрігерге жүгінетін ата-аналар бар,дейді мамандар. Ал жарты жыл сайын тексерістен өту, анализдер тапсыру-денсаулық кепілі. Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандар мұнда 3 күн бойы қабылдау жүргізбек. Бүгін алғашқы күні. Түске дейін 100- ге жуық бүлдіршін мамандардан кеңес алды. Айта кетейік, қабылдауға келу үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Бұл игі шара "Балалар жылына" орайластырылып отыр.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter rika_kz
    Вконтакте rikatv

Далее

«Түркістаннан» түңіліп шықты көрермен

2:52

И еще раз об Украине..Протоиерей  Андрей Ткачёв.

21:13

И еще раз об Украине..Протоиерей Андрей Ткачёв.

Протоиерей Андрей Ткачёв

Просмотров 284 тыс.

ЕСТЬ ЛИ ЖИЗНЬ ПОСЛЕ ШКИЛЫ?

36:51

ЕСТЬ ЛИ ЖИЗНЬ ПОСЛЕ ШКИЛЫ?

ФУГА TV

Просмотров 29 тыс.

Мейрамбек Бесбаев ұлын перзентханадан шығарды

3:47

Екі қария қарттар үйінен қашып жүр

3:47

Екі қария қарттар үйінен қашып жүр

РИКА ТВ

Просмотров 89 тыс.

Әлем мойындаған қазақтар

12:22

Әлем мойындаған қазақтар

KAZAKHMEDIA2

Просмотров 298 тыс.

Баланы қырқынан шығару.

20:03

Баланы қырқынан шығару.

Улболсын Камбарова

Просмотров 3,6 тыс.

И еще раз об Украине..Протоиерей  Андрей Ткачёв.

21:13

И еще раз об Украине..Протоиерей Андрей Ткачёв.

Протоиерей Андрей Ткачёв

Просмотров 284 тыс.