Облыс әкімі Орталық базарға жаяу барды

  • Опубликовано: 6 лет назад

    РИКА ТВРИКА ТВ
    подписчиков: 92 тыс.

    Сенбі қауырт жұмыс күні болды. Демалысқа қарамастан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Табыс" коммуналдық базарын аралады. Бағаны мұқият бақылап, тіпті көмекшісінің қолындағы статистикалық мәліметті салыстырды. Әп дегеннен сатушылармен тілдесіп, олардан жалға алатын орындарының құнын сұрады. Қымбат деп бас шайқады, әр шаршы метрі қанша теңге екенін білмеген базар басшысына көңілі толмады. Бұл алғашқы ескерту. Кейін әр қадам сайын қателік табылды. Нан сатушылар да санитарлық норманы сақтамайды. Облыс басшысы жалаң қолмен нанды ұстап, сатып жатқандарды сынға алды. Өңір басшысы ет бағасына айрықша мән берді. Сатушылар еттің келісі 850 теңге деп жазып қойған. Дәл осы қағаздың екінші бетінде 900 теңге деп жазулы тұр. Елді алдағандар, қатаң жазаланады. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жарық таратушы компаниялардың жұмысымен де танысты. "Кегок" акционерлік қоғамы мен "Энергосистема" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысынан да кемшілік табылды. 20 жыл өтсе де жарық таратушылар иесіз қалған электр желілері туралы нақты білмейтін болып шықты. Бердібек Сапарбаев "Ақжар-2" ауданындағы шағын станция жұмысымен танысып, "Нұр Ақтөбе" ауданына да ат басын бұрды. Жаңа баспаналар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы беріледі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үйлердің сыртқы келбетіне қатысты сын айтты.
    Облыс әкімі Орталық базар маңындағы көлік кептелісін де көрді. Базарға жетпей, жарты жолда көлігінен түсіп, жаяу жүруіне тура келді. Бұлай жаяулатып базарға келген әкімді бұрын-соңды көрмеген сатушылар аң-таң. Қойылған сұраққа жауап бере алмай мүдірді. Бердібек Сапарбаев мұнда да ет сатушылардың қитұрқы әрекетін әшкереледі. Осылайша Орталық базардың іші-сыртын түгел қарап шыққан өңір басшысы қозғалысқа кедергі жасайтын көліктерді алып тастауды талап етті. Қажет болса айыппұл салу керектігін айтты. Аялдамаға келіп, автобустың жайын сұрады, халықпен тілдесті. Әдетте көшенің тарлығы мен автобустардың жүрісіне көңілі толмайтын жұртшылық алдарына әкімнің өзі келгенде "бәрі жақсы" дегеннен басқа сөз таппады.

NOVI NOVI +22
NOVI NOVI

Бакен бурынғынын адамы.Халыктын ортасында жүріп мұң-муқтажымен танысып жүргені нағыз əкімнің ісі.Рахмет əкім мырза...

5 лет назад
Make Zake +13
Make Zake

Бердібек Машбекұлы , өмір жасыңыз ұзақ болсын ! От басыңызға Алла тағаланың нұры жаусын !

6 лет назад
Акбобек Ожанова +3
Акбобек Ожанова

рахмет сізге. халыққа деген қамқорлығыңыз Алладан кайтсын. отбастарыныз аман , денсаулығыныз мыкты болсын

6 лет назад
Galym Kuralov +49
Galym Kuralov

Бердібек аға Оңтүстік Қазақстанда 1999-2001 облыс әкім болып жақсы қызмет атқарды. Бұған дейін газ, жылу, свет болмай тас қараңғы болатын. Адамдардың жалақылары 3-4 ай кешігіп беретін. Бұл кісі бәрін ретке келтіріп кетті. Көп рахмет АЛЛА РАЗЫ болсын.

6 лет назад
Азамат Каржауов +66
Азамат Каржауов

Акім бол xалқыңа Бердібектей жақын бол!!

5 лет назад
Баха +2
Баха

нағыз жумыс жасайтын əкім халықтың жағдайын ойлайтын өмірі ұзақ болсын

4 года назад
АЙГУЛЬ КЕРИМБАЕВА +36
АЙГУЛЬ КЕРИМБАЕВА

Оте керемет, ардаиым осылай болсын! иншалла

6 лет назад
Тимур мамбеталин +5
Тимур мамбеталин

Жарайсыз аға!

6 лет назад
Аян Абылкасов +3
Аян Абылкасов

Бердібек аға деніңіз сау болсын. сіздей адамдар аз гой. біз тəнтіміз сізге. көп рахмет. Өскеменнен

5 лет назад
Jadra Jadra +4
Jadra Jadra

қандай жақсы əкім өз тілімізде сөйлеп жур баскалары сияқты орыс тілінде сойлеп жүрген жоқ өз қазағымыздың тілімен сөйлеген адамдарды құрметтеймынғой осы кісі ел басы болса

4 года назад
Heliver Stown +7
Heliver Stown

Бердыбек ағамыз шіркін керемет адам, әкім деген осындай болу керек, өз отанын тоңамау керек, ылғи белсенді жұмыс жүргізу керек ештенемен жеркеніп менсіңбеушілік білдіртпей. Алла разы болсын Бердыбек ағамыздың еңбегі үшін. Деңсаулығы мықты болсын!!!

6 лет назад
Данияр Абуов +46
Данияр Абуов

Бердибек ага денсаулыгын мыкты болсын, Сизге сенемиз.

6 лет назад
Аиса Нехауаров +5
Аиса Нехауаров

Бәр қаланың әкімдері осылай каланы аралап xалықпен тілдесіп xалықтың жағдайын не болып жатканын көру керек уйінде тамакка тойып жата бергенше

6 лет назад
Астанасы Астана +13
Астанасы Астана

бундай жаксы кысылерды кейбыр адамдар коре алмай дала жабуы мумкын да.Аллах сактасын бул акымды.

5 лет назад
Нурлыбек Сапар +43
Нурлыбек Сапар

Шымкентти Шымкент қылған Бердибек Сапарбаев ағамыз.

5 лет назад
Доса Маралды +49
Доса Маралды

Қазақ ұлтының БІР ТУАР АЗАМАТЫ ГОЙ БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ. Сізге ШҚО-дан алғыс пен сәлем!

6 лет назад
Али Багим +57
Али Багим

Бердібек аға келіп жақсы болды. Енді Ақтөбеде тәртіп орнайды деп куанып жатырмыз. осыған дейін каламызда әкімдер көз алдаумен халықты алдаумен шаршаткан болатын. енді норм болады ИншаАллах

6 лет назад
Eldos Aktaev +5
Eldos Aktaev

Бердибек агамыз керемет Басшыгои !Аллаһ ол кисиге еки дуние жаксылыгын берсин!

6 лет назад
Жанибек Нарымбетов +21
Жанибек Нарымбетов

Бердібек ағамыз 100 жасаңыз.сіз керемет жақсы патриот басшысыз. Жамбылдан сәлем.👍✋

5 лет назад
Nursezim Kazmuhanova +4
Nursezim Kazmuhanova

Аллам узак гумыр берсин.. Сиз келгели каламызга тартип орнады.. жумысыныздын жемисин кориниз

6 лет назад

Далее

Баста - Мутная вода (Премьера клипа)

3:56

ЦЕЛЬ - ИГРАТЬ СТАБИЛЬНО БЕЗ ОШИБОК - 100% отметки Серия 3

6:16:26

Б. Сапарбаев Әйтеке би ауданында жұмыс сапарымен барды (29.10.2015 ж.)

9:43

Б. Сапарбаев Әйтеке би ауданында жұмыс сапарымен барды (29.10.2015 ж.)

Ақтөбе облысының әкімдігі

Просмотров 57 тыс.

БІР ҮЙДЕН БІРЕУ: БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ КЕТІП, ТУҒАН ІНІСІ ӘКІМ БОЛДЫ

4:51

БІР ҮЙДЕН БІРЕУ: БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ КЕТІП, ТУҒАН ІНІСІ ӘКІМ БОЛДЫ

Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости

Просмотров 255 тыс.

Орталық базарда жанжал

6:10

Орталық базарда жанжал

РИКА ТВ

Просмотров 36 тыс.