Некрасов көшесіндегі үйлердің бірінде жасырынған төрт лаңкес өлтірілді

  • Опубликовано: 6 лет назад

    РИКА ТВРИКА ТВ
    подписчиков: 92 тыс.

    Некрасов көшесіндегі "Отырар" сауда үйі орналасқан аумақ бүгін таңертең жан-жақтан қоршалып, жақын маңдағы жолдар жабылды. Бронды техника кіргізіліп, полиция қызметкерлері халыққа аумақтан алыс жүруді ескертті. Көліктер жарты жолдан бұрылып, кері қайтты. Тұрғындар бұл жерде таңертең бірнеше рет атыс дыбысын естігендерін айтады. Ақтөбенің күштік құрылымдары түнімен бұл маңда лаңкестермен күрескен. Содырлар "Отырар" сауда үйі орналасқан көпқабатты үйдің бір пәтерінде жасырынған болып шықты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен полиция жасақтары үйді қоршауға алып, тұрғындарын эвакуациялаған. Қаруларды тастап, беріліңдер деген ұсынысқа пәтерлердің бірінде бой тасалаған содырлар атыспен жауап қайырған. Арнайы жасақ пәтерге баса көктеп кіріп, төрт лаңкестің көзін жойды. Сағат ондарға таман әскери техника Некрасов көшесінің қоршалған аумағынан кете бастады. Лаңкестердің сыбайласы жол-партульдік полиция экипажына оқ жаудырған. Ол қарсы оқпен өлтірілді. Патрульдік көліктің алдыңғы әйнегінде оқ ізі бар. Полицияның екі қызметкері абырой болғанда жеңіл жарақатпен құтылды. Некрасов көшесінің тұрғындары үйлеріне түскі сағат он екілер шамасында ғана оралды. Бірақ, лаңкестер жасырынған пәтері бар подъезде тұратындар көпке дейін үйлеріне кіре алмады. Терезелері сынған, кіре берістің астаң-кестеңі шыққан подъезді тазалық мекемелерінің жұмысшылары ретке келтіріп жатыр. Содырлар су құбырын жарып жіберген. Көрші подъездің тұрғыны Ғалия өткен түнді үреймен еске алады. Лаңкестерді бейбіт келіссөздерге көндіре алмаған күштік құрылымдар үйді газдан ажыратып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіре бастаған. Бірінші подъездің жоғарғы қабаттарында тұратындар өрт сөндіру баспалдағымен түсірілген. Эвакуацияланған халық операция аяқталғанша ішкі істер басқармасында отырды. Қылмыскерлер бой тасалаған 52-пәтер жалдамалы екен. Тұрғындар оның тәулікпен жалға берілгенін біледі. Бірақ, өткен түні бұл пәтерге лаңкестердің қоныстанғанын халық енді ғана аңғарып отыр. Бүгін көзі жойылған лаңкестердің кім екендері түгел анықталды. Бірақ, аты-жөндері айтылмайды. Ұлттық қауіпсіздік департаментінің өкілі Виталий Беспалько сондай-ақ, күштік құрылымдар мен бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ деді.

Адил Нускабаев +4
Адил Нускабаев

Елимиз тыныш болсын.

4 года назад
adai_kz. com +5
adai_kz. com

Ия айтқандарыңыз орынды, бырақ бұлар мұсылмандар емес сол есте болсын. Куəгердің сөзінше "магазиннен темекі алған"-деп отыр, соған қарағанда бұлар жасанды амал. Батыс аймақ соңғы кезде Билікке көп шеру жасап қарсылық көп жасады. Бұл биліктің жасанды амалы, халықты үркітіп осындаймен ойын далға бұрып жəне халықтың бойына үрей салып қойып билікке қарсы шеруді сабасына түсіру. Тіптен саясатқа қатысы жоқ ПИВО КАРОЛЬі атанғанды Ақтөбе аймағына апарып араластырып жіберді. Алла үшін берілген жəне таза мұсылман болса құрығанда темекі алмас еді. Тіптен сол адамдардың кімдер жəне қайдан келгенін айтпаған. Қалай құпия болады? Егер сол қылмыскерлердің аты жөнін айтар еді жəне жанында көп жүрген көп кездескен адамдар белгілі болар еді. БҰНЫҢ БƏРІ ЛАС САЯСАТ ОСЫНДАЙ ҚОЛДАН ЖАСАП ТАҚТАРЫН САҚТАУ ҮШІН ЖƏНЕ ОСЫНДАЙМЕН КҮРЕСКЕН АДАМ БОЛЫП КӨРІНІП ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН ОЙЛАҒАН АДАМДАЙ АТАҚ ЖИНАУ. ЕКІ ҚОЯНДЫ БІР ОҚПЕН АТУ ДЕЙДІ БҰНДАЙДЫ!!! Егер Үкімет халық үшін терористермен күресіп жүрген болса баяғыда тиым салар еді бұларға. Естеріңізде болар, 2010жылы Уахабизм,2012-2013жылдары Суфизм зікіршілер, 2016жылдары қайта Уахабизмдер халық көтеріліске шыққанда шеруге дəл сол кезде осындай оқиға бола салады. Неге? Жаңаөзен кезінде Уахабизм деп шыққан басында, К+ ке рахмет уақытылы тікелей эфир арқылы бəрін көрсетіп отырды халық түсінді бəрі арандату екенін. Егер билік таза болса неге САЛАФИЗМ УАХАБИЗМ ЖƏНЕ ЗІКІРШІ СУФИЗМДЕРГЕ ашық түрде заңмен тиым салып басшыларын өлтіріп елден қумайды тұқымдарымен? Осыны ашық айтқан Имамдарға жала жауып елден қуып немесе жұмыстан қуып Имамдардың берекетін алды. Имамдар амалсыз Биліктің балаған ұстауда жала жабылмасын деп. ҚМДБ муфтият 2005жылдан бері айтып келеді Теріс ағымдармен белгісіз адамдар осылай жасайтынын, неге сол кезден ҚМДБ муфтиятты тындамады Билік? Себебі сырлары ашылғанда Имамдардың өзіне жала жауып көптеген адамдарды жұмыстан қуды. Билікке бағынғандар орындарында отыр қорқып сенетін халық жоқ. ЛАС САЯСАТ ƏЛІ ТАЛАЙ БОЛАДЫ ДІНДІ СЫЛТАУ ЕТІП.

4 года назад
Aday Bekov +9
Aday Bekov

Жазыксыз каншама адам зардап шекти, канша полецей кайтыс болды осы малгундардын колынан. Ел басшылары колга алса екен мынадарды. Салаф екенин билсе казакстан азаматтыгынан айрып елден куса екен мыналарды.

4 года назад
Nurdaulet Baimuxambetov +5
Nurdaulet Baimuxambetov

саў болғай милиция хизметкерлери жанын қатерге тигип адамдардын тыныш омир суриўине

5 лет назад
Saliha Saliha +6
Saliha Saliha

буларды малша кырмаса токтамайды.уакытсында барлык динге рухсат берди енди резултаты

4 года назад
Ж.Ж Ж.Ж +5
Ж.Ж Ж.Ж

аллах сактасын булардики дурыс емес

5 лет назад
Azamat Smagulov +6
Azamat Smagulov

Не ушын атысат сонда оларга не керек адамдардан

5 лет назад
Калтай Абдуллин
Калтай Абдуллин

Осы үйде тұрам, ағам екеуміз мына жағында қарап отырық

2 года назад
Ансар Махмутов +2
Ансар Махмутов

azamat Smagulov Дурыс айтасын Адамдар неси бара Тыныш жаткан халыкка Келетта Халыкка тисе берет Олар Руслан Кулкебаевпен досаудим бари судейт Мен Сикыршы болсам Осындайлардын Олтрем Казакстанда бундай болса жаксыго

5 лет назад
Икош +2
Икош

Совет одагы кайтып келсе террористер мен коррупционерлер халык жауы деп атылар еди

4 года назад
маке маке
маке маке

Окиметке канша кйын сакалдарын жулып тоздыра салмайма

4 года назад
Казак Мырза
Казак Мырза

Жасырады НАЗАРБАЕВ БИЛИГИНЕ КАРСЫ ШЫККАНДААР ГО. Атып тастады.

Год назад
Нурамал Меирбекова +2
Нурамал Меирбекова

озбекстандаг болган жагдаи барн бир ауылга жинап ортеу керек болмаса ату керек

4 года назад
Kanatt5524 Уг
Kanatt5524 Уг

Lankester bale boldindargoi. Tiniwtik jok ba.

4 года назад
Чингиз Ахмедов
Чингиз Ахмедов

Не жетпиды

2 года назад
Karla Yelshibekova
Karla Yelshibekova

с

4 года назад
акуу лоло
акуу лоло

Ө

3 года назад
жомарт салов
жомарт салов

Бауырым мусылман пенде темеки шекпеидигои бул каяктан шыккан сандырак

3 года назад

Далее

Григорий Лепс - Я не узнал бы о любви (Премьера, 2022)

3:07

Григорий Лепс - Я не узнал бы о любви (Премьера, 2022)

Григорий Лепс - Официальный Канал

Просмотров 53 тыс.

СТРАННЫЙ СЮРПРИЗ! #shorts

0:29

СТРАННЫЙ СЮРПРИЗ! #shorts

Аленка-хулиганка

Просмотров 251 тыс.

Өнер Қырандары - Кешірім 2020 🔥😂😂

35:13

Өнер Қырандары - Кешірім 2020 🔥😂😂

ONER KYRANDARY

Просмотров 1,4 млн

Өнер Қырандары - Абай бол 2021 💥💥💥

30:16

Өнер Қырандары - Абай бол 2021 💥💥💥

ONER KYRANDARY

Просмотров 1,2 млн

Арон Атабек: Ауруханада он күн кісенделген күйі жаттым

12:17

Арон Атабек: Ауруханада он күн кісенделген күйі жаттым

Azattyq TV - Азаттық - Азаттык

Просмотров 340 тыс.