Елімізде инфляция деңгейі айтарлықтай артқан

  • Опубликовано: 8 дней назад

    РИКА ТВРИКА ТВ
    подписчиков: 92 тыс.

    Ай сайын емес, апта сайын қымбаттауда. Ақтөбеліктер азық-түлік бағасы шарықтап кеткеніне наразы. Әсіресе айлығы төмен азаматтар мен зейнеткерлерге қиын. Тапқан-таянғанымыз ішіп-жемнен ауыспайды, дейді олар. Ал әкімдіктегілер картоп, жуа, ұн мен қанттың бағасын бақылау қолымыздан келеді деген болатын.
    Елімізде инфляция деңгейі айтарлықтай артқан. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында айтты. Бұған себеп-азық-түлік бағасының қымбаттауында. Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, санкциялық шектеулер аясында сыртқы келеңсіз әсерлерді азайту және ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру қажет.Ақтөбеде ет, сүт, балық өнімдерінің құны бірнеше пайызға көтерілген. Ал тапқан-таянғаны тамағына да жетпейтін жандар қазір шарасыз күйде. Баға күнде құбылады. Киінбесек те, астан шектелмейміз, дейді тұрғындар.Ал мамандар бағаның құбылысын өнімдердің көрші елдер мен басқа облыстардан тасымалдануынан деп отыр. Әзір тұрақтандыру қорының өнімдері ғана қолжетімді. Азық-түліктің бұл түрлерін тек әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда орындарындағы арнайы сөрелерден ғана ала аласыз. Мәселен, қаладағы гипермаркеттердің бірінде жуаның бір келісі 223 теңгеден, Пәкістан картобы 276 теңгеден сатылып жатыр. Қырыққабаттың бағасы қазір 226 теңге. Қызанақ 765 теңге, қияр 495 теңгеден саудалануда. Жоғары сұрыпты ұн 1399 теңге. Макарон өнімдерінің ең арзаны да 350 ден басталады.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter rika_kz
    Вконтакте rikatv

Далее

ОБЪЕКТ 279 ОБЛЕГЧЁННЫЙ #6 (82,24% старт)

5:12:26

«90-жылдардағы бассыздыққа қайта оралдық!»

3:16

«90-жылдардағы бассыздыққа қайта оралдық!»

Жаңалықтар - Новости // КТК

Просмотров 354 тыс.

Нақты кімдердің кредиті кешірілетіндігі белгілі болды

3:09

Нақты кімдердің кредиті кешірілетіндігі белгілі болды

Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости

Просмотров 170 тыс.

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

3:10

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Nursultan Turysbekov

Просмотров 373 тыс.