РИКА ТВ
подписчиков: 92 тыс.
Қыз алып қашамын деп істі болды. Хромтаулық Санат Өмірзақов пен оның досы Алдаберген Жұмажанов бүгін №2 қалалық сотта жауапқа тартылды. Оларға Қылмыстық Кодекстің "Адам ұрлау" бабы бойынша айып тағылған. №2 қалалық сотта қаралып жатқан іс тура бір кинодағыдай. Басты кейіпкер - 2013 жылдан бері жүретін қызымен отау құрмаққа ниет білдірген Санат Өмірзақов. Хромтау ауданының 21 жастағы тұрғыны Ақтөбеге сүйген қызы үшін келген. Жастар бірін-бірі сүйіп, отау құруға уәделеседі. Алайда, қыздың ата-анасы бұл тойға қарсы болғандықтан жігіт сүйгенін дәстүр бойынша алып қашпаққа ниеттенген. Уәделескен күні облыс орталығына келген Санатқа болашақ жары түрлі сылтау айтып, үйінен шықпай қояды. Ата-анасына келін әкелемін деп кеткен жігіт намыстанып, сол уақытта сүйгенінен бас тартқан. Кейін досы Алдаберген Жұмажановқа мұңын шағады. Сөз байласқан қызының орнына көшедегі кез келген бойжеткенді алып қашуға бел буады. Досы екеуі жолдан такси жалдап, Орталық базар маңына келеді. Сол жерде тұрып, өзіне жар таңдайды. Айқайлап, жан-жағынан көмек сұраған 20 жастағы қыз өзін ұрлаушыларға біраз қарсылық білдірген. "Арай-2" базарының күзет қызметінің басшысы Жаппаров есімді ер адам көмектескен. Жәбірленуші қыз бүгінгі сотқа анасымен бірге келді. Денесіне жеңіл дәрежеде зақым келген. Судья Ерлан Бақытжан мен сотталушылар істі қысқартылған тәртіпте өткізуге келіскен еді. Осылайша, екі жігітті қорғауға келген мемлекеттік қорғаушылардың бірі сот залынан шығып кетті. Алайда, қыз алып қашушылардың бүгінгі жауаптары алдын ала тергеу кезіндегі жауаптарымен сәйкес келмеді. Прокурор қойған сұрақтарға Санат Өмірзақов басқаша жауап берді. Сот отырысы аяқталмады.
Комментарии: 424
Раушан Науризовна +3
Обал-ай мына балдарга,Алла жар болсын!!!Казактын карапайым балдары гой,жазасын женилдетсе жаксы болар еди.....
3 года назадЛяззат Баймурзина +4
обал ай обал жигиттерге жаным ашып отыр😔😔😔
3 года назадСалтанат Адасханова +4
Ааааай жігіттер ай! Қазіргі қаншықтардан не үміт күтесіңдер. Зря олай істедіңдер ғой. Жас өмірлеріңе балта шабуға бел буатындай не қара көрінді.
3 года назадСагындык Акбопеев +2
Кеширим берсин обал балдардан айып пул толесин босатсын обал балдардан
Год назадАсан Құрлысханұлы +9
Ол қыз мына балаларды кешіру керек еді,сондай соттаитындай жаман қылмыс емесқои баллардың өмірін құрттау.
3 года назадSalima Muhamedova
Бақаларға сабақ болсын!
3 года назадrauan sunflower +1
Мына жігітте қызық екен, сонда танымайтын және де сүймейтін адаммен өмір-бақи тұрғысы келген бе? Бишара қыздың обалына қаламын деп ойламай ма екен? Әрине, үйленіп үй болған жақсы ғой, бірақ ол адам өмірлік жарың болғасын кішкене салмақтырақ қарау керек.
3 года назадZamanai Burkitbai +44
5 жыл журип лақтырып кеткен қызға айтарым онбайсын жигиттин обалына калып😠😬
3 года назадZhanar Tursynova
Сотталған бауырлар аз болғандай-ақ! Жігітке де обал обал, қызды да түсінуге болады.Танымайтын адам алып бара жатса , не ойлайды ол байғұс.Өкінішті əрине.Соттамай кешірсе екен.Жігіттер ондай қателік жасамаса
3 года назадінжу Кемелбек +4
Пипец енды қытаидан басқа ешкым алмаитын шғар сабыр берсін жігітке алақ бақытыңды табасың
3 года назадREYN
алла сақтасын
3 года назадНуржамал Сабитова
Адам ұрлауы қалай кетті Алла сақтасын
Asem Shaminova +65
Дурыс болмапты алып қашқандары. Қателіктерін тусініп отыр, кешірім беру керек.
4 года назадШолпан Касенова
Үйленемін деп басы пәлеге қалды, обал екен....
Саке Баке +46
Ай кыз енди еки жигиттин омирин куртып,бакытты боламын деп ойлайсынба? Онбаган
3 года назадалекс айсин
кешірімді болған жаксығой,жастарғой əлі.сəлдей катесіго
3 года назадBaha Kairbaeva
Бундай жағдай бурын да болған бірак отау курып бакытты болған да жандар бар
Света Утегенова +8
жылап жиберейн деп тур мына бала кеширм бергенде боладыго алла жазасын берсин ана каншыктын
3 года назадСерик Газизов
Өте дұрыс! Соттау керек, біз Мұсылманбыз және шариғатымызда қыз алып қашу жок, дәстүрде емес, неке қыздын және әкесінің рұқсатымен қиілады.
3 года назадAiya Amir +74
Прокурор мырза кітап окыныз 😒дайындалып келмейма біраз адам деген 😞
4 года назад