Әлеуметтік жәрдемақы алу тәртібі өзгереді

  • Опубликовано: 2 года назад

    РИКА ТВРИКА ТВ
    подписчиков: 92 тыс.

    2020 жыл аз қамтылған, көп балалы отбасылар үшін өзгеріске толы болмақ. Мемлекеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алу тәртібі өзгереді. Атаулы әлеуметтік көмек те белгілі бір отбасыларға беріледі. Шетінен баяндайық. 1-қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар отбасының барлығына төленеді. Отбасы мүшелерінің табысы қаралмайды. Бала санына қарай 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін алады. Тіпті, бала күндізгі бөлімде оқу оқыса 23 жасқа дейін жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Өңірде атаулы әлеуметтік көмек 1-сәуірден бастап берілді. Алғашқы айда қаржылай көмекті 14500-ден астам ақтөбелік алған. Қазір олардың саны 6 есеге артыпты. Яғни, облыстың 88 200-ден көп тұрғыны осы көмекті алып отыр. 8,9 млрд. теңге төленеді. Дегенмен, сәуірден бері табыс, кірістерін жасырып, жұмыс берушілерінен жалақыларын азайтып көрсетуді сұрап, атаулы әлеуметтік көмек алғандардың саны 3500-ға жуық. Арасында кәсіпкерлер көп. Оны жауапты мамандар еңбекті дамыту орталығының электронды базасы арқылы анықтаған. Бүгінге дейін 13 млн. теңгеден астам қаржы қайтарылған. Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылы да беріледі. Тек мемлекеттің көмегіне нағыз мұқтаж отбасыларға ғана тағайындалады. Дегенмен, отбасындағы еңбекке қабілетті жандар жұмысқа тартылатын болады. Ал егер ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балабақша, мектепке баратын балалары үшін де жағдай жасалады. Келесі жылдан бастап көп балалы отбасылар үшін міндетті кепілдендірілген пакет енгізіледі. Балалары тегін тамақтанып, киім-кешекпен қамтылады, қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие болады. Көп балалы отбасылардың балалары үшін мектептер мен балабақшаларда қазір де жағдай жасалып жатыр дейді мамандар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1626 балаға 70 пайыз жеңілдік жасалған. Мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылып жүр. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 13 мыңға жуық баласы тіркелген. 9 мыңдайы көп балалы отбасылардың балалары.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter rika_kz
    Вконтакте rikatv

Janaozen Janaozen +1
Janaozen Janaozen

Дұрыстап тексеру керек. 1.2.3. Баласы барлар жағдайы жоқ үиінде жұмыс жасамайт. Үиі жоқ отбасылар бар. Осыларды қарап берсе жақсы болар еді. Жұмысқа тартсын. Тұрғын үимен көмектесе.

2 года назад
Сержан Кемпирбаев +10
Сержан Кемпирбаев

Тугелдей берлгены дурыс бөлмеу керек бес баласы бар адамдар бар жағдайы жаксы мысалы.Меның пыкырым.

2 года назад
Дос Жан +4
Дос Жан

Неге осы әлеуметтік көмекке тапсыру үшін құжаттарды қиындатып тастаған?үкімет рас көмектескісі келсе ,міндет қылмай берсе екен,әр алған сайын қайта қайта жүгірте бермей сандалтып,берсе барлығына бірдей берілсін,1-2-3-4-5-бала деп бөлмей,даже 1-баласы бар,бірақ әке шешесінің денсаулығы жоқ болсаше ?,мысалы давлениесі бор дейлік,ол кісілер мүгедек деп танылмаса,сонда қайыршы болуы керекпе түсінбедім сіздерді,негізі,Қазақстандық азаматтарға қазақ жеріндегі барлық байлығынан белгілі бір мөлшерде бөлінуі тиісқой , ол байлықтар қайда кетіп жатыр сонда,әлде заңда тек жоғарыдағы шөнөуніктер ел басылар ғана алу керек деп бзаңда бекітілгенба?осыған жауап беретін жауапкершілігі бар адамдар барма осы жоғарыда отырғандар, тек өздері 900000-1000000тг алып мәз болып отыр бірақ сол ақшаларды жұмсағандарыңа дейін қияметте жауап беретіндеріңізді ұмытпаңыздар,қиналып жүрген от басылар жетіп артыладығой.

2 года назад
candy gold +3
candy gold

200тг асып кетіп мектептегі тегін тамаққа ілінбей қалдық.Ақшасына сатып аламыз, үш балам оқиды күніне 350тг тамақтары. Барып қайтатын жолдарына ақша тағы береміз. Осы ма көп балалы аналарға жағдай.

2 года назад
Айнагул Зулхашева +32
Айнагул Зулхашева

Түгел балаларға берілсін

2 года назад
Баха Рустам +11
Баха Рустам

Осы билгиштерды айлыгын 50 мын степ кою керек

2 года назад
Саха Билге +2
Саха Билге

Бул бай мен кедей согысынын басы.Укимет азамат согысына дайын болсын

2 года назад
Aksultan Ratov +25
Aksultan Ratov

Құрметті де аса мəртебелі ел басы Тоқаев мырза берсеңісші барлық ана мен балаға

2 года назад
мура Болатов +3
мура Болатов

Дурыс айтасыныз солай болсын казакистан🖐️🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿алга 🖐️🖐️🖐️🖐️❤️❤️❤️

2 года назад
Aksultan Ratov +23
Aksultan Ratov

Ассалаумалеикум құрметті ата аналар жəне жоғарыдағы басшылар берсеңдер барлығына бірдеи берсеңдерш

2 года назад
Мулдир Темиргалиева +43
Мулдир Темиргалиева

Уш баласы бардын аузы мурны жок тамак жемимиз. Зато квартирде кангып журемиз. Байлар байыган устинен байысын.

2 года назад
asemkaa _1 +2
asemkaa _1

Асп алеуметтик комек бир уакытты жок. Осыган ай сайын толенип,бир уакытты болса екен😌🙏

2 года назад
ЛАЗЗАТ ЕСЕНОВНА +51
ЛАЗЗАТ ЕСЕНОВНА

Не деген масқара ! Қазақстандағы əр бір бала өзіне тиісті меншігін алу керек . Сол себепте барлық бала осы жəрдемақыны алуға құқылы . Жоғарыдағы отырған мырзалар ! Баланың бəрі бірдей бөлмеңіздер . Осыны ескеріңіздер !

2 года назад
Саламат Саламат +8
Саламат Саламат

Қандай күшті кийім кешек тегін тамақ...көп көмек болып жатыр рәхмет айтайық елбасыға

2 года назад
А. А. А. +31
А. А. А.

Бай мемлекетте тұрамыз. Бірақ халыққа балаға дегенде ақша жетей қалат.

2 года назад
Акылбек Кайнага
Акылбек Кайнага

Өкіметіміздің тактикасы мықты😂.Төрт балалылардың аузын жапса,қалғандарының қолын қайыру оңайрақ дегені ғой.Біздің қазақтар осы не деген қатыгез ой Алла.Өз халқына деген мейірімі ноль.Барлығына неге бермейсіңдер!?Қалғаның тас же деп отыр ғой мына чиновниктер

2 года назад
Гулзада Султаналиева
Гулзада Султаналиева

Отыныш сыздердын көп балалы ана ретінде осы үлкен мәселе быз ушын

Год назад
Aksultan Ratov +5
Aksultan Ratov

Құрметті депуттар мен əкімдер айлықтарыңның 10-пайызын бөлсеңдер біріне жетеді мұнайды алтынды қоспағанда

2 года назад
jon smit
jon smit

Осынын барын неге кадагаламайсындар сонда гана адылдык болады

2 года назад
Лаззат Абдиканиева +2
Лаззат Абдиканиева

Нағыз мұқтаж адамдар ала алмайтын, не қылған көмек, балаларды бөліп жармай, бэріне беру керек,

2 года назад

Далее

Баста - Мутная вода (Премьера клипа)

3:56

Кондитерлік цех ашу | BASTAU Бизнес (14.12.2017)

7:45

Кондитерлік цех ашу | BASTAU Бизнес (14.12.2017)

Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости

Просмотров 9 тыс.

Әлеуметтік көмек шарттары өзгерді

14:45

Әлеуметтік көмек шарттары өзгерді

Таңшолпан бағдарламасы

Просмотров 25 тыс.

Зейнетақы төлемдері жаңа үлгімен есептелетін болады / Сұхбат

20:06

Зейнетақы төлемдері жаңа үлгімен есептелетін болады / Сұхбат

Atameken Business Programs / Атамекен Бизнес

Просмотров 357 тыс.

Еңбек шартын бұзу және өтемақы төлеу

10:16

Еңбек шартын бұзу және өтемақы төлеу

Иван Кипятков

Просмотров 7 тыс.