РИКА ТВ
подписчиков: 92 тыс.
Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі Мақсат Айтбаевтың із-түзсіз жолғалғанына биыл 6-жыл. АҚШ-қа "Жұмыс және саяхат" бағдарламасы бойынша ағылшын тілін үйренуге кеткен ақтөбелік жайлы хабар жоқ. Ата-ана қамқорлығынсыз өскен Мақсаттың тағдырына алаңдайтын жалғыз жан - оның тағдырлас досы Денис Наванов. Ол табанынан таусылып, досын әлі іздеп жүр. Мақсат Айтбаев-Алға балалар үйінің түлегі. Мектепті алтын белгімен бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетіне түседі. Ағылшын, қытай тілдерін жақсы меңгерген бала аудармашы болуды армандапты. Жоғары оқу орнында үздік оқыған студент АҚШ-тың Техас штатына ""Work and travel"" бағдарламасымен оқуға түсті. Ребекка Мартин есімді әйелдің үйінде тұрғаны да белгілі. Бір жыл өте Мақсат Айтбаевтың өзіне қол жұмсағандығы туралы хабар келген. Алайда денесінің қайда жерленгені жөнінде ақпарат жоқ. Денис пен Мақсат Алға балалар үйінде бірге өскен. Америкалық басылымдар қазақстандық студентті күйзеліске ұшырап, өзіне қол жұмсады деп жазған. Алайда ресми құжат жоқ. Мақсат Айтбаев 2007 жылдан бері үй кезегінде тұр. Қалалық ТКШ бөлімі тұрғын үй қоры сектерының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, ресми құжат келмейінше кезектен алынбайды. Сыртқы істер министрлігіне де сұраныс жолдаған. Алайда бір жыл өтті. Жауап жоқ. Қайта сұраныс жасалмаған. Ал досын 5,5 жыл бойы іздеп, табанынан таусылған Денис ең болмаса досының бейітін көргісі келеді. Судың да сұрауы бар. Ал елге келіп, қызмет етуді армандаған бозбаланың тағдырына алаңдап отырған ешкім жоқ. Мемлекеттік органдар Мақсаттың тым болмаса бұл өмірде жоқ екенін де анықтап беруге құлықсыздық танытып отыр.
Просмотров 27 тыс.
Просмотров 542 тыс.
Просмотров 12 тыс.
Комментарии: 55
Марал Байдалиева +52
нагыз жаксы дос екен ыздеген адамга мын алгыс!!!
5 лет назадБахыт Какимова +13
Қазирги заманда Денис сияқты дос жоқ.Алла жар болсын Денис.Мумкин жалған ақпарат берген шығар досын туралы өлди деп.Сенин издегенине қарай алла екеуинди қауыштырса екен.
4 года назадРгоа жакеш Пвгв ховды +73
нагыз дос деп денисти айту керек биреулер досын артынан атып кетип жатыр жетимин жебейтин казак окимети комектесу керек казакты жоктаган орыс жигитине
5 лет назадMaiya Maiya +26
Кудай-ай аман болса екен Максат.
5 лет назадАлима Оспанова +28
комек бериниздерши Дениске досын издеуге.Ол казактын баласын издеп жургой.мундай достар млн.1.рет келет.
4 года назадLuiza Luiza +7
Денис нагыз азамат екеен . Денистин номерин калай алсак болар екен комектесу керек бул балага.
4 года назадGulnaz Musabaeva +1
Аман есен табылсын досын Денис Ол жигит тири сиякты . ойтени билимди адамды байкаусызда бир жагдай болмаса .
4 года назадManat Musa +22
мине нагыз дос жандарымау сол аман болындаршы сендердин киналарин жок кой
5 лет назадКоке Коке
дай Бог тебе здоровя Денис ты настоящий друг
4 года назадМаншук Медигалиева +8
шетелге жетім бала сатса жоғалған жетімді ешкім іздемеиді түсінбеймін неге шетелге оқуға жауапсыз бала жібере салады
5 лет назадСаулет Сулименов
Дениске рахмет бул жыгытке колдау корсету керек достар осындаи болуы тиыс
3 года назадСвета Соколова
Куда смотрит государство ????????? Какое страшное безразличие к судьбе человека.Низкий поклон другу ,его человечность поражает.Откликнитесь богатые люди , по помогите !!!!!!!!!!!
3 года назад****** Кенгескалиева +17
кудайауу комек сура калма министрдин не депудаттын баласы болса барлык жерди силкир еди
5 лет назадАНАЛГИН ДЕМИДРОЛ
Дениз нагыз еркек и дос екенсин жарайсын
3 года назадИзбиби Тулегенова +10
ия :::министрдин баласы болса алде кашан табар едигой.осындай кезде казак укиметинин карапайым халыкга деген коз карасы байкалады.
4 года назадJan Jakantaeva +8
шетелде небар осы тусинбим
5 лет назадGulnaz Gulnaz +17
молодец нагыз дос
5 лет назадМаруф Маруф +59
министрдің баласы болса іздеп табар еді
5 лет назадGulpan Sarieva +9
Ой жанымай аман болшы журегим ауырып кеттигой, Аналары сабиін керек етпей балалар уйне калай журеги шыдап откизеди екен, япырмай калай уйктап калай су отеди екен тамагынан. Астафираллах.
5 лет назадJazira Nagieva +15
Денис кудеринди узбе табасын саган мын алгыс
5 лет назад